«ІТ Лицей» КММ шежіресінің алғашқы бетін  2018 жылдың 1 қыркүйегінде ашты. Бірегей оқу бағдарламасы бар мектеп «№4 Гимназия» КММ мен «Мамандандырылған экономикалық мектебі» КММ –нің орыс тілді оқыту бөлімінің базасында құрылды. Осылайша, ІТ Лицей оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытатын білім беру алаңына айналды. Математика, информатика, физика, химия, география, биология жетекші пәндер болып саналады. ІТ сынып оқушылары информатика сабағында бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңдетіп үйренеді. Мектепте көп тілділікті жүзеге асыру бағдарламасы да басталды. Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері өз сабақтарындағы  оқушыларды оқытуда  көп тілділікті үйретуді сәтті орындап жатыр. Сыныптарда 3D моделдеу, бағдарламалау және робототехника бағдарламалары орнатылған. Мектепте оқушылардың ЖОО-на түсу үшін өздері таңдаған пәндерді қосымша оқыту жүйесі жүргізіледі. Лицей базасы бойынша 2018 жылдың қазан айында жасөспірімдерді ағылшын тілінде зерттеу жұмысына тарту үшін ІМТ-сыныптары құрылды. ІТ лицей оқушылары мектептік, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға, жобаларға белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жатыр. 

Лицейліктерді оқытуда өзін-өзі оқытумен үнемі жұмыстанатын мұғалімдер үлкен рөл атқарады. ІТ Лицейде 78 мұғалім жұмыс істейді, олардың 39-ы жоғары санатты және 9-ы бірінші санатты. Педагогикалық ұжымда тәжірибелі ұстаздар да, жас мамандар да бар. Лицей жұмысының басты мақсаты: балаларды жан-жақты дамыта оқыту және тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін лицейде жылдық жазылымы бай және көркемдік, энциклопедиялық, тарихи және ғылыми-анықтамалық әдебиеттері, электрондық оқулықтары мен видеофильмдері бар кітапхана құрылды. ІТ лицейде оқыту мен тәрбие жұмыстары қатар жүргізіледі. Әсіресе, адамгершілік және патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Тәрбиелік шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін көрсетуге, қызықты ұжымдық шараларға қосылуға көмектеседі.  

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт

4 қазан күні лицейдің акт залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Басталды конц ...

07 қазан 2019
IT лицей Президентін сайлау

25 қыркүйекте мектеп Президентін сайлау өтті. 5-11 сынып оқушылары қатысты. Дауыс беру жоғары деңгейд ...

26 қыркүйек 2019
Мәнерлеп оқу сайысы "Тіл тірегіміз, соғып түрган жүрегіміз"

24 қыркүйек күні ІТ залында Қазақстан халықтарының тілдер күнін мерекелеу аясында "Тіл тірегіміз, с ...

25 қыркүйек 2019
Мектеп президенті лауазымына үміткерлердің дебаттары

23 қыркүйек күні IT лицейдің акт залында Мектеп президенті лауазымына үміткерлердің сайлау алды бағ ...

23 қыркүйек 2019